Әкем, шешем және мен

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қымызкенова Оруншай Бектемирқызы
Екібастұз қаласы
7 "Ботақан" бала-бақшасының тәрбиешісі
"Әкем, шешем және мен"(топтар сайысы)

Мақсаты:
а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Бүгін біздң "Айгөлек" тобында үлкен мереке. Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылаына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатынасатын ата-аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады.
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру.
2. Құрсауды бір-біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды киеді.
3. "Кім жылдам?" ойыны.
4. Қаппен секіру. (баласы бір аяқпен секіреді)
5. Допты шеңберге лақтыру.
6. Асық тау.
7. Арқан тарту ойыны.
Алғашқы сайысқа Жүсіповтар мен Кабышовтар отбасы жарысқа түседі.
Өздерін таныстыру.
Жүсіповтар отбасы.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз

Кабышовтар отбасы.
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап трмаспа
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.

2-сайыс.
Нұрғалиевтер отбасы.
Қане,қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізд шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.

Умизақовтар отбасы.
Қане,босқа арап тұрмайық,
Қажырланып, намысты қолдан бермей,
Балалар бірге осылай күш қосып,
Бүгін бізде бағымызды сынайық.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: