ам ұстап кіреді).
Фея:Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады)Мен сендердің Жаңа жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім, өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті. Бір күні оларды Жаңа жылды тойлауға шыршаға жібереді. (Фея балалардың қолынан ұстап шыршаның артына кетеді). (Кай мен Герда шыршаның артынан қол ұстасып ортаға келіп тұрады).
Герда:Кай, Қар ханшайымы балалардың мерекесіне келеді ме?
Кай: Келіп көрсін, мен оны пешке отырғызып қояйын. Ол сосын еріп кетеді (күледі).
(Залға Қар ханшайымы кіреді)
Қар ханшайымы: - Ах, сен мұнда екенсің ғой. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді)
(Артынан Герда жүгіреді)
Герда:Кай, Кай тоқта!(Шыршаның алдына келіп) Қар ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізесіне отыра қалып жылайды).
Фея: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міндетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді)Шоқ жұлдыз қайдасың?!
Шоқ жұлдыз: Мен мұндамын, қандай тапсырма бересіз?
Фея: Түсе ғой бері. Мына Гердаға жол көрсетіп жібер.
Герда: Кай, мен сені іздеп табамын! (Шоқжұлдыз Гердаға жол көрсетіп алып кетеді)
(Залға Қар ханшайымы кіреді)
Қар ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән! Не күлкі! Мен сендерге көрсетемін.
Әбілмансұр: Сенің дауысың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз.
Дәулет:Біз сеннен қорықпаймыз. Сенің суығыңнан да қорықпаймыз. Біз көңілдіміз, өйткені қар атысып ойнаймыз.
Ойын: "Қар атысу"(Орындықтардың астынан қар алып, лақтыру).
Қар ханшайымы: Ах солай ма, жаман қызд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>