Келді, міне, жаңа жыл ортамызға

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Аяз ата: Керемет. Балалар. Жарайсыңдар.
Жүргізуші:
-Аяз ата біздің балалар ойын ойнағысы келеді.
Ақшақар:
-Олай болса, "Ақ ұлпалар" ойынын ойнайық.
Ойын: "Ақ ұлпалар"
Мақсаты:балалардың бойында шапшаңдылық дамытужәне қысқы табиғаттың ерекшелктерін атап өту
Ойынның шарты: Ақ ұлпаларды жерге шашып тастаймыз музыка қосылған бойда 4-5 қатысушы бала шапшаң ақұлпаларды жинап алулары тиіс. Көп жинаған бала жеңімпаз атанады.
Жүргізуші:
Жаңа -жылдың думанды,
Қызығына тоймайық.
Ақшақар сізбенен,
Би билейік айналып.

Би: "Жаңа жыл"
Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді.
Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын топта таратады).
Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
Өнерлі ару қыздарың,
Жарқын, жарқын жүздерің,
Жайнап өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай жайқалып,
Биіктердер өздерің.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып,
Әр жыл сайын сендерге,
Келіп тұрамын сағынып.
Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
(Аяз ата, Ақшақар, Күшік өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!
Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Жаңа -жылыңыз құтты болсын балалар,
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын,- деп "Балапан"тобының ертеңгілігін аяқтаймыз. Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет. Сауболыңыздар!





Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: