Келді міне,Жаңа жыл

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

п жібер.
Герда: Кай, мен сені іздеп табамын! (Шоқжұлдыз Гердаға жол көрсетіп алып кетеді)
(Залға Қар ханшайымы кіреді)
Қар ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән! Не күлкі! Мен сендерге көрсетемін.
Қанат: Сенің дауысың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз.
Нұрлыбек:Біз сеннен қорықпаймыз. Сенің суығыңнан да қорықпаймыз. Біз көңілдіміз, өйткені қар атысып ойнаймыз.
Ойын: "Қар атысу"(Орындықтардың астынан қар алып, лақтыру).
Қар ханшайымы: Ах солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаңдар. Әй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар.
Би: "Ұлпақарлар"
(Би болып жатқанда шыршаның шамын сөндіру, барлық балалар қатып қалады)
Қар ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер. (мұздардың басынан сипап, таққа барып отырады)
Фея: Ой, сұмдық, мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне аналар, жылдам балалардың есімдерін айтыңыздар, балалар оянсын. (Аналар балалардың есімдерін атап, ерітеді) балалар еріп айналады.
Фея: Қар ханшайымы, болды жетер. Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз Аяз атаны шақырамыз. Сізге жаман болады.
Қар ханшайымы: Ха-ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды.
Фея: Бізді қорқытпа. Жаңа жыл кешінде не күтіп тұрғанын білмейсің
Қар ханшайымы: Мен көрейін не күтіп тұрғанын. Ол үшін сыған қыздарын шақырамын (Шыршаның артынан сыған қыздары биге шығады)
Би: "Сыған"
Сыған қызы Рада: балалардың қолдарын кезек-кезек алып, ой сен үлкен ғалым боласың. Ал сен ғарышкер болады екенсің, т. с. с.
Сыған қызы Рада: Неге шақырдың Қар Ханшайымы а-а?

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: