Келді міне, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

>Қар ханшайымы: Жетер билегенің, енді мені Жаңа жыл кешінде не тосып тұр, соны айтып бер.
Сыған қызы Рада: Қазір, қазір менің маржаным! (Картасын жайып) О, сұлуым, бүгін сен Аяз атаның қолынан пеште ерисің. Карта өтірік айтпайды, алдамайды.
Қар ханшайымы: Сен не деп кеттің өзі? Оңбаған мыстан сыған, кәне жоғал! (Рада шығып кетеді, қыздар орындарына отырады)
Қар ханшайымы:(ойланып) Аяз атаның қолынан пеште еримін бе? Мүмкін емес. Карта алдайды. Бірақ мен ойланып көрейін (Кетеді).
(Герда залға кіреді).
Герда:Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым, жатып дем алайын (Шыршаның астына жатып ұйықтайды).
Фея:Герда сен не істеп жатырсын? Тоңып қалған жоқсың ба?
Герда: Мен әлі Қайды іздеп жүрмін.
Фея: Саған тек Ақшақар көмектесе алады. Кәне балалар, Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Ақшақар, Ақшақар! Ақшақар!
Ақшақар: Міне, менде келдім. Сәлеметсіңдер ме, достарым. (балаларамандасады)Сәлеметсің бе Герда. Сен неге жылап тұрсың?
Герда: Қалай жыламаймын. Мен үйге де айта алмаймын, інімді де таба алмаймын. Сен маған көмектесші.
Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сиқырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың қайда екенін көрейік. Кәне, Сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін көрсетші. Міне, Қар ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қарай келе жатыр. Кәне, тығылайық (Шыршаның артына тығылады).
(Залға Қар ханшайымы мен Кай кіреді. Қар ханшайымы таққа отырады, Кай оның аяқ жағына отырады).
Кай: Жан-жағымыз тып-тыныш. Көңілсіз бәрі (мұз пішіндермен ойнап отырады).
Қар ханшайымы: Шудан гөрі тыныштық жақсы ғой.
Кай: Бүгін барлық жерде Жаңа жыл ғой.
Қар ханшайымы: Бізге ешкім керек емес. Ешкім келмейді де.
Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып, би билегенді ұнатамын.
Қар ханшайымы: Кәне, жап аузыңды. Ыңырсыма

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: