агог: - Жарайсыңдар, балалар, біз қоразды құтқардық.
Қасқыр: - Енді мысықты құтқарғыларың келсе, тағы менің тапсырмаларымды орындаңдар!
Педагог: - Балақайлар, мысықты құтқару үшін қасқырдың келесі тапсырмасын орындайық.
3 - тапсырма: "Көңілді шарлар" ойыны.
1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл. )
3. Бір аптада неше күн бар? (Жеті)
4. Бас қаламыз қалай аталады? (Астана)
5. Біз қай қалада тұрамыз? (Таразда)
6. Рәміздерді ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
7. Бір өркешті жануар? (Нар)
8. Жыл мезгілдерін ата. (Қыс, көктем, жаз, күз)
9. 1 жылда неше ай бар? (12 ай)
10. Құлағы үлкен жануар? (Піл)
11. Ағаш тазалайтын орман дәрігері. (Тоқылдақ)
12. Шөлге шыдамды жануар? (Түйе)
13. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)
14. Қыста ұйқыға кететін аң? (Аю)
ІV. Сергіту сәті: "Ойыншықтар"
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп, бұйырсақ. 2 рет
Ойыншықтар ұйықтайды,
Айтқанымнан шықпайды.
Ал қозы мен құлыншақ,
Ұйықта десем ұқпайды. 2 рет
Қасқыр: - Ой, ой, ой, балақайлар, қандай қиын тапсырма берсем де орындайды екенсіңдер. Енді сендерге қандай тапсырма берсем екенмін, а - а - а. . . .
Педагог: - Тамаша, балалар, сендердің білімдерінің арқасында Қоразды құтқардық. Келесі, Ешкіні құтқару үшін Қасқырдың келесі тапсырмасын орындайық.
4 - тапсырма: "Полиглот" ойыны.
- Балалар, біз "Бүлдіршіндер мектебінде" қандай шет тілдерді үйреніп жатырмыз?
- Қазір мен сендерге жұмбақтар жасырамын, жұмбақтың жауабын кім тапса, сол бала жұмбақтың жауабына қарай үш тілде жауап береді.
Жаздай інге тығылып,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>