Кел Жана-Жыл, Жана-жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,қысқы табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншілігік,қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Төрде жап-жасыл шырша орналасқан. Шыршаны айналып көңілсіз Қой жүреді. Көңілді әуенмен сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ: Саламатсызба, Қой, неге көңілсізсің?
Қой : Жануардың ішінде-
Қой деген мен болам,
Тура 11 ай бұрын
Жаңа жыл боп келіп ем,
Көңілсіз боп жүргенім
менің жылым біткені,
Маймыл жылы келгені.
Сайқымазақ : Ой, Қой сен неге ренжисің сенің жылыңа бәріміз риза болдық, табысты жыл болды, ендігі кезекті Маймылға берейік , сен де шаршаған шығарсың, бүгін балалармен бірге сенің көңіліңді көтеріп сені шығарып саламыз.
Қой : Жарайды, сайқымазақ.
Залға көңілді Маймыл секіріп келеді .
Маймыл: Алақай, алақай менің де жылым жақындап қалды.
Сайқымазақ: Саламатсызба? Маймыл, сенің не үшін көңілді екеніңді біз білеміз, бірақ Қой досымыз көңілсіз, Маймыл сен оданда барлық достарыңды шақыр, Қойдың көңілін көтерейік.
Маймыл:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер
Шырша тойы басталады,
Тойдан қалып қоймаңыздар!
Келіңіздер, көріңіздер!
мектепалды даярлық
тобын қарсы алыңыздар!
Көңілді әуенмен балалар кіреді.
1. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз ! Сәбилеріңіздің күлкісі сіздерді қуанта берсін!
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>