(«Әке туралы монолог» бейнеролик көрсетіледі. )
Тақырыбы: «Әке отбасының тірегі»
Мақсаты: Әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
Отбасындағы әке орнын,рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Мақал-мәтел, өнегелі сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Барысы: Сайыс сабаққа әкелер мен балалар қатысады.
Отқа түстің, суға түстің мен үшін,
Енді міне бағың берді жемісін.
Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,
Бұның бәрі ӘКЕ сенің жемісің!
Анашымды отырғызып қасыңа,
Той берейін салып алақаныма.
Ей, адамдар, шүкіршілік етіңдер
Бұл өмірде әкелердің барына.
Тек,Әкелер, сендер ғана лайықсың
Хан сарайы, патша тағына!-деп отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әкенің алатын орны жайлы әңгімелесіп,әке мен бала арасындағы тәрбие қатынастарына байланысты отбасылық тәлімгерлік сайысымызды бастаймыз. Машықтану барысында ойларыңызды ашық айтып, белсенді қатысып отырыңыздар.
1. Кіріспе.
Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас,дос. Ол әрқашан бір әрекет жа
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>