Көбейту мен бөлудің өзара байланысы

Страницы: 1 | 2  >  >>

17. 04. 2015ж Математика
Сабақ тақырыбы: Көбейту мен бөлудің өзара байланысы
Сабақтың мақсаты: практикалық амалдар орындау негізінде көбейту мен бөлудің өзара байланысымен таныстыру;
Шапшаң есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Топпен және өз бетінше жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау, топтық және өздік жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: көбейту мен бөлуге арналған кесте
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру. 7 . Өрнектің мәнін табу. Әр қатардан оқушылардан ауызша сұраймын, қалған оқушылар тексереді.
III. Тірек білімдерін белсендіру. Қосу мен азайтудағы кері амал түсінігін еске түсіреді.
561369 69-13 56
Қосу мен азайту - өзара кері амалдар. Ереже еске түсіріледі.
Қосындының мәнінен қосылғыштарды азайтса, онда екінші қосылғыш шығады.
IV. Жаңа сабақ. 1 тапсырманы басшылыққа ала отырып,жаңа сабақты түсіндіруді бастаймын.
Сурет бойынша құрастырылған теңдікті балаларға оқытамын. Көбейту мен бөлудің компоненттерін атуын айтқызамын.
3 х 4 12 12 : 4 3
Көбейту мен бөлу өзара кері амалдар.
Осыған қарап, балалардың өздеріне қорытынды жасатамын.
Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсек,онда екінші көбейткіш шығады.
Егер бөлінгіштің мәнін бөлгішке көбейтсек, онда бөлінгіш шығады. Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе,онда бөлгіш шығады.
V. Жаңа материалды бекітуге арналған есептер шығару.
T

D
ö
2 тапсырма . Көбейту мен бөлуге өзарра байланысты теңдіктер құрастыру.
3 тапсырмада берілген суреттер мен сұрақтар бойынша есептер құрастырып, шығару.
А) 8 шие тең бөлінді 4 тәтті нанға ә) 1ыдыста 8 л сүт

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: