Ақмола облысы. Ақкөл ауданы. Кеңес орта мектебі .
Ахметова Кымбат Тулегеновна. Тарих пәні мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. (9сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихымен таныстыру; соғыстың басталуы туралы мәлімет беру; Қазақстанның соғыс жылдарындағы маңызының артуы туралы білімді тереңдету, қазақстандықтардың жеңіске қосқан еңбекте-тылдағы, майдандағы үлестері туралы мәлімет бере отырып, ерлікке, батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, тақырыптық рефераттар, сызба "Соғыс жылдарындағы Қазақстанның маңызының артуы", тест сұрақтары, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезені.
ІІ. Үйге берілген тапсырма бойынша жұмыс.
1. Оқушыларға топтық тапсырмалар беру.
І-топ. Үй тапсырмасы бойынша түсінік әңгіме.
ІІ-топ. Тест сұрақтарына жауап беру.
ІІІ-топ. Тұлғалармен таныстыру. Репрессия құрбандары: Т. Рысқұлов, Ж. Аймауытов, С. Асфандияров, О. Жандосов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов т. б. туралы рефераттар, буклет,суреттер мен жұмыс (үй тапсырмасы бойынша).
IV-топ. Терминологилық жұмыс.
а) Дислокация (Фр. ) diclocation-1. Бейбіт уақытта жаяу әскер мен әскери мекемелердің өз аумақтарында жайғасуы; 2. майданда әскер мен әскери мекемелердің бөлініп орналасуы.
ә) Демилитарландыру - халықаралық шарттың негізінде белгілі бір аумақтағы әскери құрылыстар мен өнеркәсіпті жою, әскери базалар мен әскер ұстауға тыйым салу.
б) Отан соғысы - агрессорлармен болатын бүкілхалықтық, әділетті азаттық күрес (Ресейдегі 1611-1612жж. 1812 ж. КСРО-дағы 1947-1945 жж. ).
Сол сияқты: Екінші дүниежүзілік соғыс - 1939 ж. 1 қыркүйек - 1945 ж. 2 қыркү
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>