тардың көлемін салыстыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: Әртүрлі пішінді, көлемді, түсті заттар.
Ойын барысы: Балалар заттарды кему ретімен орналастырады. Түстері бірдей, көлемдері, ұзындықтары әртүрлі заттарды топтастырады.
21. "Не қайда орналасқан?"
Мақсаты: Кеңістікте бағдарлай алуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: 1-ден 10-ға дейін сандар жазылған карточкалар, 7 түсті жолақтар , әртүрлі ұсақ заттар, жануарлар, көкөністер, жемістер т. б.
Ойын барысы: Балаларға тапсырма беріледі. Қарбызды 3 қатар қызыл жолаққа орналастыр. Допты 4 қатар жасыл жолаққа орналастыр т. с. с.
22. "Кеше, бүгін. . . "
Мақсаты: ойын барысында "кеше, бүгін, ертен " туралы түсініктерін бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер, үш әртүрлі түсті үй.
Ойын барысы: Топтық үш бұрышына үш үйдің суреттер орналастырылады. Балалар шеңбермен жүреді де тақпақ айтады (кез келген). Тәрбиеші: "Иә,иә,иә бұл кеше болған оқыға!" дейді. Сол кезде барлық балалар "кеше" үйіне барып суреттерін салады. Ойын жалғасады.
23. "Керісінше айт" (жылдам-баяу)
Мақсаты: Балаларды қарсы мағыналы сқздерді тауып айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
Ойын барысы: Балаларға бір сөз айтылады, балалар сол сқздің мағынасына қарама-қарсы сөзді айтады. Ұзын-қысқа, жылдам-баяу, үлкен-кішкентай т. б.
24. Логикалық есептер"
Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын барысы: Педагог балалар логикалық ойлуды қажет ететін сұрақтар қояды. Мысалы: Бір адамда неше аяқ болады? Үш мысық болыпты, біреуі сұр кетіп қалыпты, екіншісі қара түсті екен. Үшінші сары мысық құстарды қуып кетіпті. Қ
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>