Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Интернет»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың тақырып бойынша алған білім- дерін тексеру,хабарламалар, суреттер арқылы әңгімелеуге,өз ойларын жеткізе білуге үйрету;
2. Өздігінен ой қорыту, сол ойын жинақы,тұжырымды түрде бере бі -лу дағдыларын дамыту,ізденгішттікке,іскерлікке баулу, ауызша, жаз-баша тілдерін дамыту,сауаттылықтарын арттыру.
3. Жаңа заманға сай білікті,білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, сұхбат, тест, салыстыру,өзін-өзі бағалау.
Пәнаралық байланыс: музыка
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар,баға қиындысы
Сабақ барысы:
1). Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып, кезекші есебін сұрау.
2. Сұрақтар қою:
-Қазір қай сабақ?
-Нешінші сабақ?
-Қай жыл мезгілі басталды?
-Қыс айлары қандай?
-Айдың басы қай мерекемен басталды?
-Енді қай мерекені тойлаймыз?
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2). Қызығушылықты ояту.
Сабақ үш бөлімнен тұрады: «білемін»,»білгім келеді»,»білдім»
3). 1. »Білемін»
1. Сөздік сөздерді тексеру.
2. Сұрақтарға жауап беру: «Тілшімен сұхбат»
Тілші:
-Интернет деген не?
-Сенде интернет бар ма?
-Оны қайда қолданасың?
-Қазақ тілінде сайт бар ма?
-Оны қолданасың ба?
-Интернетте қанша уақыт отырасың?
-Интернет не үшін керек?
Толығырақ интернет туралы кім айтып береді?(3-оқушының хабарламасын тыңдау)
Мұғалім:
-Ал енді грамматикалық сұрақтарға жауап беріңдер:
Етістік қандай сұратарға жауап береді?
Етістіктің түрлері?
Етістіктің шақтары?
4). 2. «Білгім келеді» бөлімі
1. Тест
1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?
А)Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру
Страницы: 1 | 2 > >>