көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз
"Айшықты сөздер"
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)
Ойынымыздың соңғы айналымы "Талапкер" деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.
1. . . . өріп тараған,
. . . қараған.
Құрт пен майын жинаған,
. . . сыйлаған.
2. . . . қошақан ,
. . . қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
. . . аумайды.
3. . . . бала әрқашан,
Қуантады . . . .
Құлыным деп анасы,
. . . баласын.
Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.
Ән. "Ертегілер"
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.
Страницы: << < 2 | 3 | 4