Интеллектуалды ойын БІЛІМДІ ДОСТАР

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мақпал негізгі мектебі















Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын
БІЛІМДІ ДОСТАР







Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі Тайшикова Ж. А.








2015-2016 оқу жылы





"Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе - білім"
М. Әуезов
Ойын мақсаты:
Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;
Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Мұғалім:
Армысыңдар, бүгінгі "Білімді достар" атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер! Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік.

І-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен келген қонақтар. Біздің информатика сабағында "Білімді достар" ойынын тамашалаңыздар!
ІІ-жүргізуші: Ойын кезеңнен тұрады:
Жоспары:
Таныстыру (5 ұпай)
Топ көшбасшыларын анықтау/мини-тест (дұрыс жауапқа - l ұпай)
Ойлан тап (әр сөзге - 1ұпай)
Кім тапқыр
Ой толғаныс (топ басшылар сайысы), 5 ұпай
Сәйкесін тап (5 ұпай)
Қорытынды
І-жүргізуші:
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай - адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: