Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
1. Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері;
сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.
3. Компьютер (3 сағат):
компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.
4. Алгоритмдеу және программалау (9 сағат):
программалау - алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі;
айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.
5. Ақпараттық модельдеу (2 сағат):
модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.
6. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (14 сағат):
компьютерлік графика түрлері;
векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі;
векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру;
растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.
7. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).
7 сынып
Тақырыптық оқу-жұмыс жоспары
Тақырыптар атауы
Сағат
с
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>