Информатика тапқырлары мен білгірлері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

РАММА













Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: Информатика тапқырлары мен білгірлері
Мақсаты:
1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, логикалық тапсырмалар, көрнекілік суреттер.
Қатысатындар: 9 сынып оқушылары (әр сыныптан 2 оқушы)
Өтілетін орны: Конференц залы (203 каб. )
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ - қазылар алқасы. «Информатика тапқырлары мен білгірлері» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 9 сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туды адамға.
Сайысқа қатысушылар:
9 «А» - Ибраимов Қуат, Ахметова Ильмира
9 «Ә» - Ескендір Гүлбану, Рахимова Зәмзәгүл
9 «Б» - Айтжанов Даур, Буламбаева Гаухар
9 «К» - Молдахметов Әділжан, Трулубекова Майра
Сайыс кезеңдері:
Бұл сайыс 5 кезеңнен тұрады:
І кезең. «Таныстыру» (Командалар өз атын, ұранын және жасаған эмблемаларын таныстырады). Бағалау: 0,1-1 балл
ІІ кезең. «Тәтті сұрақтар» (Барлық командаларға жалпы сұрақтар қойылады. Қолды бірінші көтерген оқушы сұраққа жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе, командаға тәтті сыйлық беріледі. )
ІІІ кезең. «Ойлан, тап»

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: