Информатика әлеміне саяхат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ашық сабақ жоспары
Сайыс тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»
Сайыс мақсаты:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін байқау. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация
Сайыс кезеңдері:
1. Шын жүйрікте шаршау жоқ
2. Білгенге маржан
3. Білгір болсаң тауып көр
4. Үздік оператор.
4. «Компьютердің пайдасы мен зияны» -пікірсайыс
5. Қорытынды бөлім
Барысы:
І тур. «Шын жүйрікте шаршау жоқ » кезеңі
Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.
І командаға
1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды. (ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. (ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
ІІ командаға
1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау,
сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: