Информатика дарабозы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сынып 7.
Сабақтың тақырыбы: "Информатика дарабозы"
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Жарыс кезеңдері:
І. "Бәйге" (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
ІІ. "Тіл - өнер" (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
ІІІ. "Көкпар" (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
ІV. "Адасқан әріптер" (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. "Кім жылдам?" (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)
VI. "Жорға" Қалған 2 оқушыға 10 - 10 - нан сұрақтар оқылады, көп ұпай жинаған оқушы "Информатика дарабозы" атанады.
VII. Марапаттау.

Әділқазы алқасын сайлау.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! "Информатика дарабозы" атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер - сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де -
Ақпараттық заманың! - дей келе "Информатика дарабозы" атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік. Енді қазір алдарыңызға жеребе тасталды, барлығымыз бір-бір жеребе алайық. 1-10 дейінгі сандары бар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: