ИНЕРЦИЯНЫ АЙЫПТАУ
Физикалық көрініс
Сот: Бүгін Инерцияны айыптау туралы 1 істі қараймыз. Оның айыбы мынада: инерцияның салдарынан жол апатына көп жол берілді. Басқа да қайғылы оқиғалар болып жатты. Сондықтан куәгерлердің сөзін тыңдап, әділ жаза қолдануымыз керек. Айыпталушыны әкеліңдер. 
Екі сақшы әкелді. 
Сот: Айыпталушы, сіздің фамилияңыз, аты жөніңіз? 
Инерция: Физикалық инерция. 
Ата – анаңыз? 
Инерция: Галилео Галилей, Исаак Ньютон. 
Өмірбаяныңыз?
 Инерция: ертедегі грек ғалымы Аристотель денеге басқа дененің әрекеті тоқталғаннан соң ол дене тыныштық күйге ұмытылады деді. Сондай – ақ тастың қолдан шығып кеткеннен соң да қозғалысын тоқтатпайтыны сияқты мәселелерді түсіндіру қиын болды. 
Бұл сұраққа жауапты менің тууыма байланысты Галилео Галилей берді, ал кейінірек оны Исаак Ньютон нақты тұжырымдады. 
Сот: Айыпталушыға сұрақ бар ма?
Бас қорғаушы: менің сотқа сұрағым бар. 
Инерцияның ата – аналары Галилео Галилей мен Исаак Ньютон сияқты атақты адамдар екенім ескеріле ме? 
Сот: барлық фактілер де ескеріледі. 
Хатшы: инерция болғанда сіз қандай денелерге тәнсіз, қолданылатын орныңыз?
Инерция: Мен барлық денелерге тәнмін. Қолданылатын орыным: физика, техника, өмір. 
Хатшы: сотқа келген жедел хатты оқып береді. 
1 жеделхат: «Мен ертедегі ойшылдардың бірі – Аристотельмін. Сот жұмысын дұрыс емес деп есептеймін. Сіз қойған айыптың бірде –бірі Инерцияға тән емес. » 
2 жеделхат: «Мен Галилео Галилей – орта ғасырдың ұлы физигі. Кім табиғаттың құпиясын ашқысы келсе, оны өте құрметтеймін. Сондықтан сіздерге өзімнің құрметімді білдіремін. Істеріңізге сәттілік тілеймін!»
3 жеделхат: «Мен Исаак Ньютон ағылшын физигі және математигі. Табиғат заңдарының сіздерді де бейтарап қалдырмағанына қуаныштымын. айт
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
