алыс ойындары
Мақсаты:
1) Балалардың қимыл - іс әрекеттері мен дағдыларын жетілдіру;
2) Өз беттерімен спорттық жаттығуларды көбірек орындауға жетелеу;
3) Жеке және коллектив болып жасалған жаттығулардың әсем орындалуына көңіл аударту, таза ауада жүргізілетін жаттығулар мен ойындар арқылы бала организмін щынықтыру.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген спортзал, сәнді спорттық киімдер, эмблемалар,доп.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды сапқа тұрғызу.
2. Сергіту жаттығуы:
Бірде ол ішім дейді
Бірде ол тісім дейді.
Шынығу керетігін
Сонда да түсінбейді.
Жоғарыдағы өлеңді оқып, балаларға сұрақ қою:
Өлеңде кім жайлы айтылған, оның іші, тісі неліктен ауырады екен?
Балалардың жауабы.
- Балалар қимыл - қозғалыс ойындары денсаулығымызды нығайта ма? (иә)
- Ендеше бүгінгі біз сендермен ойын ойнаймыз.
Қане, балалар, қандай ойындарды білеміз?
Ал таза ауада қандай ойындар ойнауға болады?
Кім тақпақтап айтып береді?
Балаларды 2 топқа бөліп, эстафеталық ойындар өткізу. (сурет салынған және топтың аты жазылған эмблемаларын таққызу. )
1 - топ "Құлагер" тобы.
2 - топ "Тұлпар" тобы.
Қапты аяққа киіп секіру жарысы. Топты 2 командаға бөлеміз. Ойыншылар бірінің артынан бірі тұрады. Қатар тұрған екі тізбектің арасы бір-бірінен 3-5 қадамдай қашық болады. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, ал олардың қашықтығы 10-15 м болатын қарсы жаққа бір-бір зат қойылады. Белгі берілісімен алдында тұрған екі оқушы қаппен затты айналып өтіп қайта оралады. Бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.
2. "Кім бірінші" (доппен). Балаларды екі топқа бөліп бірінің артынан бірі тұрады.
Тізбектердің алдына сөре сызығы с
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>