Иммунитет. Иммунитет түрлері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың технологиялық картасы

Пән: Биология
Мерзімі :
Сабақтың тақырыбы: Иммунитет, оның түрлері,маңызы

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Иммунитет, иммундық жүйенің мүшелері: қызыл сүйек майы, тимус, лимфа түйіндері, иммундық реакция, антигендер және антиденелер жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық : өз ойын еркін жеткізе алу, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды өздерінің ағзаларының құрылысымен таныстыра отырып, өз денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.
Сабақтың типі : Лекция , түсініктемелік конспект жазу.
Сабақтың қамтамасыздандырылуы
А) оқу-көрнекілік құралдар ;плакат, кесте, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Б) үлестірмелі материалдар:
В) техникалық оқу құралдары : интерактивті тақта, постерлер, ресурстар, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс : химия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,студенттердің зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сурау, тексеру.

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
--
(Конспект)
Иммундық жауап (Иммунологиялық реактивтік) -- иммунды реакциялар. Бөтен антигендердің әрекетіне қарсы пайда болады. Иммундық жүйе антигенмен қарым-қатынасқа түскенде әр-түрлі иммундық жауап бере алады: қанменбірге айналатын ерекше антиденелердің пайда болуы, осы антигенмен өзгеше байланысқа түсетін Т-лимфоциттерсанының көбеюі, ұзақ өмір сүретін Т және В лимфоциттердіц "иммундық есте сақталуының", иммундық төзімділіктің,аллергияның пайда болуы. Организм антигенмен алғаш және кейін кездесуіне сай біріншілік және екіншілік иммундық жауап береді. Біріншілік Иммундық жауап -- антидене түзегін плазмалық торшалардың саны біршама бәсеңдеу көбеюуімен, иммуноглобулин жинақталуыме

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: