ұмысы деп есептеймін.
. . . . Адам денесінің жетілуі оның денсаулығы:
егер денің сау болса,оны сақтамақ керек,
ал егер сау болмаса, денді сауықтыру
керек. Әл-Фараби
Ең пайдалы әрі кез келген ауруға ем, қолдануға ыңғайлы медициналық шөп тамыры - ИМБИРЬ. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі - дәрмектің 70, ішек - қарын, бауыр дәрілерінің 75, жатыр ауруларының шипалы дәрі - дәрмектерінің 80, қақырық түсіретін дәрілердің 80, қан тоқтатын дәрілердің 65 тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы "үй дәріханасына" қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген . Қазірде қолданысқа енгізіліп жүрген ең пайдалы әрі кез келген ауруға ем, қолдануға ыңғайлы медициналық шөп тамыры - имбирь тамыры.
Страницы: << < 1 | 2 | 3