Имандылық жарасады ұл-қызға

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

іп жейді.
"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған.
4-сұрақ "Ұлағат" тобына;
"Байғазы деген қандай дәстүр?
"Ұлағат" тобының жауабы:
"Байғазы" деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
Мұғалім: Балалар, сайысымыздың келесі шартын әнге берейік. Бұл шартта да қыздарымыздың "Гүлдер" тобы бастап береді. "Гүлдер" тобының орындауындағы ән үйдегі асыл әжелерімізге арналады.
Әже туралы ән
Өлеңін жазған Әнін жазған
Қ. Мырзалиев Н. Тілендиев
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самғаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймыи ойнақтаған албарда,
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюулі.
Тұра тұршы түзелгенде бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!
Мұғалім: "Ұлағат" тобының орындайтын әні халқымыздың жүрегінен ерекше орын алған ұлттық музыкалық саз аспабы домбыра жайлы. Ән кезегін ұлдарымыздың "Ұлағат" тобына берейік.
Домбырасыз сән қайда
Өлеңін жазған: Сөзін жазған
X. Талғаров: И . Нүсіпбаев

Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған.
Домбырасыз ешқашан,
Жүрекке ем қонбаған.

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: