Сыныбы: 8 сынып
Тақырыбы: Химиялық байланыстың негізгі түрлері
Мақсаты: Саяхат сабағы арқылы, химиялық байланыс түрлері тақырыбын терең ұғындыру
Міндеті: 1. Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыра ұғына білу
2. саяхат кезінде алған жаңалықтарын пайдалана білу
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Түрі: саяхат сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Барысы
Біз саяхатымызды ауа шарымен шығамыз, шарға ір аялдама өткен сайын алған жағалықтарды жапсырып отыру.
І аялдама "Күн"
Үй тапсырмасын тексеру "сұрақ - жауап" арқылы тексеру
1. Электіртерістілік дегеніміз не?
2. Электіртерістілік топ, период бойынша қалай өзгереді?
3. Электіртерістілік ең жоғарғы элемент, ең төменгі элемент?
Период бойынша элементтің атом ядроларының зарядтары өскен сайын олардың сыртқы электрондық қабаттарын толтыру аяқтала бастайды. Осыған сай элементтердің бейметалдық қасиеттері күшейіп, олардың электртерістіліктері арта түседі. Бұдан электіртерістік элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерін көрсететін шама екенін байқаймыз. Элементтердің электіртерістігі туралы мәліметтер олар түзетін химиялық байланысты түзуге көмегін тигізеді.
Бүгінгі тақырыбымыз химиялық байланыстың негізгі түрлері. Осы тақырып бойынша табиғаттың негізгі құраушылары ауаға, табиғи су қорларына, өндіріске ауа шарымен саяхатқа шығамыз.
ІІ аялдамамыз - "Ауа кеңістігінен" бастаймыз, ол үшін ауаның құрамына тоқталамыз. Ауаның құрамындағы сутек, оттек, азот молекулалары өзара бірдей екі атомнан тұратын жай заттар H2 O2 N2 ковалентті полюссіз байланыс түзеді.
Электіртерістіктері бірдей сутектің 2 атомының әрекеттесіп молекулаға айналуын қарастырсақ. Сутек атомы оң зарядты ядродан және оны қоршаған шар пішінді электрон
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>