Химия пәнінен тапсырмалар

Страницы: 1

8-сыныптарға арналған тапсырмалар
І топ: Белгісіз химиялық элемент атомының үш электрондық қабаты бар. Оларда )2)8)6 электрондардың орналасуын біле отырып,элементтің периодтық жүйедегі орнын, қасиетін,оксидінің,гидроксидінің,ұшқыш сутекті қосылысынң формуласын анықтаңдар.
І топ: 1) 240г магний металы күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің көлемін есепте (қалыпты жағдайда)
2) К-- К2О -- КОН --К2SО4
І топ: Темір
1. Химиялық таңбасы, аталуы
2. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы
3. Атом құрамы, құрылысы
4. Қасиеті
5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы
ІІ топ: 3-периодта орналасқан элементтің жоғары оксидінің құрамы: R2О7 осы элемент қай топта және топшада орналасқан? Оксидінің қасиеті қандай? Ұшқыш сутекті қосылысының формуласын жазыңдар.
ІІ топ 1) 4г кальций металы тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын
есепте.
2) Ва --ВаО --Ва(ОН)2 -- ВаСІ2
ІІ топ: Мыс
1. Химиялық таңбасы, аталуы
2. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы
3. Атом құрамы, құрылысы
4. Қасиеті
5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы
ІІІ топ: Sе элементінің жоғары оксидінің құрамы мен қасиетін анықтаңдар. Оның қасиетін сипаттайтын реакцияның теңдеуін жазыңдар.
ІІІ топ 1) 2,7г алюминий металы тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін тұздың
массасы қандай?
2) АІ-- АІ2О3 -- АІ(ОН)3 --АІ(NО3)3
ІІІ топ: Кремний
1. Химиялық таңбасы, аталуы
2. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы
3. Атом құрамы, құрылысы
4. Қасиеті
5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы





Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: