сариатының ұсынысына жүгіне отырып: Астрахань, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана облысы мен губернияларын қамтитын жалпы көлемі 3 467 922 шаршы шақырым жерді Қазақ республикасының құрамына беруді ұсынды. Көрсетілген жердің 81-ын жан саны 5,5 миллион болатын қазақтар пайдаланатынын, бұл бүкіл тұрғындардың 54 - екенін атап өтті. Сөйтіп, 10 тамыз күні комиссия төрағасы А. З. Каменский барлық ескертулер мен ұсыныстарды қорыта келе: "Қазақ республикасын құру- шешілген мәселе, қорытындысы дайындалып, тиісті мекемелер өкімет билігін республиканың басқаруына берудің жолдарын қарастырсын",- деп жариялады. Бұл үлкен жеңіс еді. Алайда бұл жеңісті тиянақты ету үшін автономияның территориясы мен тұрғындары туралы ұсыныстарды Лениннің алдында қорғап шығуы тиіс болды. Ленин мен Әлімхан Ермековтің көзбе көз тілдесуінің нәтижесінде бүгінгі бүткіл казақ өңірі Қазақстанның құрамына мәңгілік қосылды. Автономия мен территория мәселесі 14, 16-17 тамызда талқыланып, 24 тамызда тағы да Лениннің қатысуымен өткен ең соңғы шешуші мәжілісте түбегейлі бекітілді. "Тір болсам хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын. "-деген өзінің айтқан сөзіне адал болып, туған халқына ақтық демі біткенше қызмет етіп өтті.
Білімі мен беделін орыстардың революцияға дейінгі ірі тұлғалары мойындаған жазықсыз жапа шеккен білімпаз қазақ халқының мүддесін қызғыштай қорғаған, қазақ автономиясын дайындап, оның қажеттегін А. В. Колчак пен В. И. Лениннің алдында дәлелдеген бірден-бір саяси күш - "Алаш" партиясының көсемі, шешен, жазушы әрі ақын, қайсар публицист және КСРО Жоғары Сотының арнаулы қаулысымен 1989 жылғы 4 маусымда толық ақталды.
Әдебиеттер тізімі
1. Көркемсуретті қазақстан тарихы, ІІІ том. Алматы
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 > >>