- қырғыз съезінің ұйымдастырушылар - Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов болған. Съезге қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан - 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан - 8 делегат және арнайы шақырумен - 15 адам, ұйымдастыру комитеті съезге келген делегаттардың тізімін алып барлығы барлық жиын - терісі 81 делегат тіркейді. Әр уезден 2 ақсақал, әр облыстық қазақ комитеттерінен 2 өкіл және арнайы шақырылған 30 адам: олардың қатарында Ғұмар Қарашұлы, Қайырша Ахметжанұлы, Ғабдолла Ешмұхамбетұлы, Ахметжан және Қожахмет Оразайұлдары, Құрманбет Бірімжанұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұстафа Шоқай, Уәлихан Танашев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар, Бақтыкерей Құлманов, Шәңгерей Бөкейұлы, Есенғұл Маманұлы, Мұхаметжан Тынышпаев, Салық Қарпықұлы, т. б. болды. Ендігі мәселе Алашорданың (Алаштың ордасы және өкіметінің) төрағасын балама негізде сайлау басталады:
Үкімет төрағасына 3 қайраткердің - Ә. Бөкейханның, Б. Құлмановтың және А. Тұрлыбаевтың кандидатуралары ұсынылды. Жасырын дауыс нәтижесінде Әлихан Бөкейхан - 40 дауыс, Айдархан Тұрлыбаев - 20, Бақтыгерей Құлманов - 19 дауыс алды. Көп дауыс алған Ә. Бөкейхан Алаш автономиясының өкіметі - Алаш орданың төрағасы болып сайланды. Алғашқы баяндаманы Ә. Бөкейхан жасап, ол жөнінде: "Алашорда бүгіннен бастап қазақ - қырғыз халқының билігін өз қолына алады"-деп қаулы қабылдады. Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы болды. Ең бірінші - Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен жер болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейханның ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер - Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Екін
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>