Сыныптан тыс оқу.
Тақырыбы: "ХХІ ғасыр көшбасшысы"
Сыныбы: 6 "б", 7 "б"
Күні: 18. 09. 2015ж.
Сабақтың тақырыбы:"ХХІ ғасыр көшбасшысы"
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен білімдерін қайталау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,шет тілі,математика, тарих, география
Сабақтың көрнекілігі: Сызба-кестелер, сигнал беретін бұйым сұрақтар жазылган кестелер, сигнал карталары.
Сабақтың барысы:
1. Ойынға қатысушылармен танысу.
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің тіл мерекесіне арналған 6-7 сынып оқушыларының арасында өтетін "XXI ғасыр көшбасшысы" атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер!
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
Кіріспе ойындағы берілген сұрақтар 6-7- сыныптың оқушыларына арналған. Ойынға 6- 7сыныптан 4 оқушы қатысады.
1-ші қатысушы - 6-сынып оқушысы Сусану Ляна.
2-ші қатысушы - 6-сынып оқушысы Асиева Малика.
3-ші қатысушы - 7-сынып оқушысы Базарбекова Дильнара.
4-ші қатысушы - 7-сынып оқушысы Бейсенова Айда.
Бұгінгі әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен тансытырып өтейік:
Танысу
2. Кіріспе сөз.
- Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - ҚР азаматының парызы.
"ХХІ ғасыр көшбашысы" сайысы 4 бөлімдер бо
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>