Хайуанаттар дүниесі

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар дүниесі.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға төрт түлік мал, мал шаруашылығы және малшының тұрмыс - тіршілігі туралы алған білімдерін тиянақтау,
толықтыра түсу.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту .
Тәрбиелік: Төрт түлік малды құрметтеуге,малшы еңбегі мен ауылшаруашылық еңбектің құндылығын сезіндіру арқылы ұлттық тәрбиеге бейімдеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта. Түрлі-түсті суреттер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар .
1. Аққошқар батыр қандай адам?
2. Домалақ ене сары айғырды неліктен алып қалды?
3. Әңгімеде жылқы малының қандай қасиеті байқалады?
ІІІ. Жұмбақтарды шешейік.
1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
2. Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
3. Үстінде екі тауы бар,
қызық бір жануар.
4. Екі айнасы бар,
екі найзасы бар.
5. Басында таяғы бар, төрт аяғы бар, екі құлағы бар,
негізінде сақалы бар.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Үй жануарларының төлдері мен таныстыру
А)Ірі қара мал түрлері мен танытыру.
Ә)Жылқы тұқымдары
Б)Түйе түрлері
В) Қой - ешкі түрлерімен тныстыру
Ү. Оқулықпен жұмыс
ҮІ. Қосымша жұмыс.
1. ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ мен таныстыру.
"Малым - жаным садағасы,
жаным - арымның садағасы. "
2. Қай төлді қалай шақырады?
Қой -пұшайт, пұшайт
Ешкі - шөре,шөре.
Жылқы -құрау,құрау.
Сиыр-әукім,әукім.
Түйе -көс-көс.
3. Есіңде болсын!
Сиыр-бұзау, баспақ, тана, торпақ, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: