Ашық сабақ
Күні: 4. 12. 14
Класс: 10 "а"
Тақырыбы: Халықтың ұлттық және нәсілдік құрамы
Мақсаты:
Білімділік: Дүние жүзі халқын нәсілдік құрамы, ұлттық құрамы туралы білімдерін тереңдету. Қалыптасу және дүние жүзінде таралуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: халықтың ұлттық және нәсілдік құрамына қарай карта бойынша топтастыра келе, картамен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Әлем халқы туралы білім бере отырып, өз халқын сүюге және өзге халықты, ұлтты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап
Ұйымдастыру формасы: фронтальді
Көрнекілік: Дүние жүзінің саяси картасы, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Халықтың жастық-жыныстық құрамы және еңбек ресурсы.
Оқулық мәтініндегі сандық мәліметтер негізінде Жер шары халқының қазіргі жастық құрамын бейнелейтін дөңгелек диаграмма құрастырып, оны 11-сызбанұсқадағы жеке елдерге қатысты мәліметтермен салыстырыңдар.
ІІІ Жаңа тақырыпқа көшу
Жаңа тақырыпқа көшу үшін алдымен мынадай сұрақтар қойылады:
Жер шары халқын қандай принцип негізінде топтастырады?
Адамзат қандай нәсілдерге жіктеледі?
Нәсілдер арасындағы айырмашылықтар немен түсіндіріледі?
IV Жаңа тақырыпты меңгерту
нәсілдер -- адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері (түсі, шашының сипаты, бет әлпеті, бас сүйегінің пішіні, дене тұрқы және т. б. ) бойынша біріктірілетін топтары
Тарихи-географиялық жағдайларға байланысты нәсілдер арасында араласу болған. Ұзақ уақыт бойы нәсілдердің қарқынды байланыс жасауы нәтижесінде айрықша аралық және аралас нәсіл топтары қалыптасқан.
Страницы: 1 | 2 > >>