Халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік сауда

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

рыногында АҚШтың доллары өз позициясынан айырылуда.
Халықаралық туризм — Дүниежүзiлік экономиканың маңызды саласы. Халықаралық туризм халықаралық еңбек бөлінiсi формаларының қарқынды дамып келе жатқан түрлерiнің бiрi. Ол дүниежүзiлік экономиканың маңызды буындарының бiрiне жатады. Туризм үлесiне дүниежүзiлік жалпы iшкi өнiмнің 1/10-i тиесілі. Одан жылына З трлн-нан астам табыс түседi. Кариб алабындағы елдердің ұлттық экономикасының 1/3-iн, Испания экономикасының 1/5-iн осы туризмнен түскен табыс құрайды. Дүниежүзiндегi еңбекке тартылған адамдардың 1/10-i туризм саласында еңбек етедi.
Дүниежүзiнде туристiк аймақтардың бiрнеше түрі қалыптасқан. Олар: Жерорта теңiзi жағалауындағы шипажайлар, Калифорния, Флорида түбектерi, Мексиканың теңiз жағалауы (Акапулько шипажайы, т. б. ), Бразилияның оңтүстiк жағалауы (Рио-де-Жанейро өңiрi), Қызыл теңiз жағалауы (Акаба шығанағы), Таиланд, т. б. жатады.
Пiр тұтып, құлшылық ететiн, қасиеттi жерге барып тәу ететiн дiни бағыттағы туризм ислам және будда дiндерiнде басым байқалады. Дүниежүзiнде туристердi ең көп қабылдайтын елдер: Франция, АҚШ, Италия және Испания, Қытай. Шетелдiк туристердi қабылдауда дамушы елдер 4-диаграмма. Халықаралық 1/5 үлестi құрайды. Ал Францияға жылына орта туризмнің басты аймақтарының үлесi есеппен 75 млн шетелдiк туристер келіп кетедi.
Дүние бөліктерiнде халықаралық туризм едәуiр дамығанымен туристердің басым бөлігi (56) Еуропа елдерiне келедi. Қазақстанда Орталықтың (Мескеудің) жүргiзiп келген туризм саясаты салдарынан елімiз оқшау қалып келдi. 1990 жылға дейiн туристiк iс-әрекеттер КСРО-ның Кавказ, Қырым түбегi, Балтық теңiзi жағалауында және Орталық Азия (негiзінен, Өзбекстан) елдерi мен Ресейдің тарихи орталықтарымен шектелдi. Қазiргi кезде халықаралық туризмде туристер ежелден тапталып

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: