Сабақтың тақырыбы: Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару.
Білімділік: Үзінділерді шағылдырып бейнелеуді, бұруды, созуды және еңкейтуді
үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында ұқыптылыққа, мәдениеттіліке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылыққа баулу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Интерактивті тақта, POWER POINT
слайдтары, компьютер.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру
Өткен тақырыпты қайталау:
1. Үзінді дегеніміз не?
2. Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?
3. Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?
4. Үзінділерді көшіру және жылжыту әрекеттері қалай орындалады?
5. Үзіндіні жою әрекеті қалай орындалады?
Жаңа сабақ
Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows-тегі
барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар:
-Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын;
-Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын;
-Жай-күй жолындағы Масштаб жүгірткішін;
"Трансформация" сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру әрекеттері:
1. Үзіндіні белгілеу
2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша
менюдегі Отразить/Повернуть командасын орындаймыз
Бұл команда арқылы үзіндіні тік (вертикаль) немесе көлденең (
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>