" Райса " бөбектер бақшасы
" Гүлдер әлемі "
( Ашық сабақ )
" Жұлдыз " ересек тобы
Тәрбиеші: Аменова М. Ж.
2018 - 2019 о. ж.
Тақырыбы: Гүлдер әлемі
Мақсаты: Гүлдер туралы түсінік беру, сөздік қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуін дамыту.
Көрнекілік: Гүлдердің суреті, магнит тақтасы, түрлі-түсті бояулар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрнекілік сұрақ-жауап, практикалық.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ізгі ниет болған жерде гүл тұрған,
Гүл дегенің гүл емес - ол жыр тұнған.
Той мереке гүл болмаса ажарсыз,
Дархан дала гүлден ғана жаралған.
Балалар бүгінгі сабағымызды ізгі ниетпен, жылы лебізбен, жақсы тілектен бастасақ.
Балалар: - Қош келдіңіздер қонақтар!
Аспанымыз ашық болсын!
Балабақшамыз гүлге толсын!
Табиғатымыз таза болсын!
Жеріміз гүлге толсын!
Балабақшамыз гүлдене берсін!
Аға тәрбиеші: Өте жақсы тілектер екен балалар.
ІІ. Негізгі бөлім
Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Гүлдер әлемі"
а/ Сұрақ-жауап
Аға тәрбиеші: - Балалар сендер қандай гүлдің түрлерін білесіңдер?
Балалар: - Бәйшешек, қызғалдақ, раушан.
Тәрбиеші: - Гүлдерді қай мейрамдарда кімге сыйлаймыз.
Балалар - Аналар мейрамында, туған күнге, досымызға сыйлаймыз.
ә/ Суретпен жұмыс
Мынау бәйшешек гүлі. - Ол ерте көктемде қар еріп жатқан кезде тауда гүлдейді.
Түсі қандай балалар?
Ақ
Мынау қызғалдақ гүлі. - Ол қырда өседі.
Түсі қандай балалар?
Қызыл
Мынау раушан гүлі. - Барлық г
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>