Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6

3. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
( кітап; книга;book)
4. Білімді мыңды жығады,
Білекті . . . жығады.
(бір; один; one)
5. Сыртты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты.
(алма; яблоко; apple)

ІІ топқа:
Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(ауа; воздух; air)
2. Айдағаны . . . ешкі,
Ысқырығы жер жарады.
( бес; пять; five)
3. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойн да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
( сызғыш; линейка; ruler)
4. Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.
(cу; вода; water)
5. Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
( қалам: ручка; pen)

VI бөлімі: "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы".
Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезенде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.

Қортынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шындарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі қазылар алқасында.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасы сөз берейік.
( Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталады. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.





Страницы: <<  <  4 | 5 | 6
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: