r/>
1
Ақжол сары
Жылқының бүкіл денесі ақшыл, сары, ал құйрығы мен жалы сары немесе ақ түсті
2
Ала
Денесі, жалы, құйрығы мен аяғының едәуір бөлігін қоса ала-ала болып келеді
3
Боз
Қартая келе, түгі ағарудан барып жылқы бозғылт тартады. Туылғанда жирен, торы, қара болады.
4
Бұрыл
Жалпы денесінің түгі қара, торы, жирен, т. б. түстес болып, денесінің, жалы мен құйрығының едәуір жері ақ болады
5
Жирен
Денесі, жалы, құйрығы мен аяқтары жирен түсті. Боз, қоңыр және қызыл жирен деп бөлінеді
6
Қара
Бүкіл денесі, жалы, құйрығы мен аяқтары қара
7
Қарагер
Қара түсті жылқыдан айырмасы: қарагердің танауы мен көзінің айналасы, қолтығы қоңыр түсті
8
Қара-күрең
Денесі, жалы, құйрығы мен аяқтары қара-күрен. Әдетте, жалы мен құйрығы қара қошқыл болып келеді.
9
Құла
Құла сұр жылқыдан айырмасы: құла жылқының төменгі жағы қара емес, теңбіл-теңбіл.
10
Құласұр
Басы мен денесі сарғылт, топырақ түстес қызғылтым, ал жалы құйрығы мен аяқтары қара.
11
Сұр
Денесі сұр түсті, басы, жалы, құйрығы мен аяғының төменгі жағы қара.
12
Торы
Басы мен денесі құбылып тұратын қызыл-қоңыр, жалы, құйрығы мен аяқтары қара
13
Шабдар
Денесі, аяқтары күрең, ал жалы мен құйрығы сұрғылт
14
Шұбар
Денесінің өн бойында қара немесе қара-күрең теңбілер болады.
4)Жылқыны жасына қарай қалай ажыратады?
Құлын, жабағы, тай, байтал, құнан, дөнен, құлық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр.
5)Жылқы ішіндегі таңдаулылары?
Жорға, сужорға, текежәумет, жүйрік, тұлпар, саңлақ, дүлдүл, пырақ, арғымақ.
6)Жылқының қанда
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>