Жылу құбылыстарын қорытындылау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жунусова Айман Ибрагимқызы
Физика пәнінің мұғалімі
Абай ауданы,Архат ауылы, «С. Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ
Сыныбы: 8-сынып
Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстарын қорытындылау
«Жылу құбылыстары Шық бермес Шығайбайдың үйінде»
Сабақтың мақсаты: а)Жылу құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың
алған білімін қортындылау
ә)Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Пән аралық байланыс: Әдебиет, математика
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, фотосуреттер, ертегі кітап
Сабақтың барысы:

Шығайбай ертегісіне байланысты салынған суреттер жиыны тақтаға рет-ретімен тақтаға ілінеді.
Мысалы:
а) Шығайбайдың үйі . Жақтауынан Алдаркөсе сығалап тұр. Киіз үйдің есігі ашпалы-жаппалы ғып тілінеді. Ішкі жағына қалта желімденіп тиісті сұрақ салынады.
ә)Киіз үйдің ішінде жұмыс істеп отырған бай, бәйбішесі,тоқалы, қызының суреті. Бай қазы айналдырып отыр, бәйбішесі нан илеп, қызы қаздың жүнін жұлып, тоқалы қойдың басын тазалап отыр.
б) Қазан-ошақтың басында отырған Шығайбайдың суреті.
в)Қоштасып жатқан Алдаркөсе мен Шығайбайдың суреттері. Қолдарында қарма нан.
г)Ат үстінде тұрған Алдаркөсе мен бай суреті.
Жылу берілудің 3 түрі бар:
Жылу өткізгіштік-қатты денелердегі молекулалардың тербелісі арқылы ішкі энергияның таралуы.
Конвекция-сұйықтар мен газдардың ағыны арқылы ішкі энергияның тасымалдануы.
Сәуле шығару-дененің сәуле шығару арқылы ішкі энергиясының өзгеруі
Енді оқушылардан Шық бермес Шығайбай ертегісінің мазмұны сұралады.
Міне, балалар, бүгін біз күндегі сабақтан ерекше сабақ саяхат сабағын өткізгелі отырмыз. Шығайбай үйіне саяхат жасап көрелікші. Жылу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: