үз туралы бейнефильмді тамашалау.
Күзде күн суыта бастайды. Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Күзде егін піседі. Егінді адамдар жинайды. Күзде барлық жеміс-жидектер пісіп, жерге түседі. Жан-жануарлар да қысқа азық жинайды.
Билингвалдық компонент: күз-осень.
"Ғажайып дорба"ойыны
Балалар дорбадан әр түрлі жемістер мен көкөністерді (муляж, суретерін) біртіндеп алып, заттарды атап, пішінін, түр-түсін, дәмін айтып сипаттайды.
Жеке жұмыс: Айлин сен дорбадан қандай жемісті алдың?
Қыс туралы бейнефильмді тамашалау.
Қыста күн суық болады. Қар жиі жауады. Ағаштардың бұтақтарын қар басып, бұтақтар иіліп тұрады. Айнала аппақ қарға оранады. Боран соғып, үскірік аяз болады. Аюлар апанында ұйқыға жатады. Өзендер мен көлдердің бетіне қалың мұз басады.
Жеке жұмыс: Бағланмен, Амирханмен фонетикалық жаттығуларды қайталау.
Ыс - ыс - ыс,
Келіп жетті қыс.
Ар - ар - ар,
Жауады қар.
Билингвалдық компонент: қыс-зима.
Көктем туралы бейнефильмді тамашалау.
Көктемде күн жылына бастайды. Қар еріп жылғалардан су ағады. Жыл құстары өз мекендеріне ұшып келе бастайды. Келе сала ұя салып, балапан басып шығарады. Ағаш бұтақтары бүршік жарады. Құрт-құмырсқа, аралар оянады.
Билингвалдық компонент: көктем-весна.
Аз қимылды ойын: "Көктем келді"
Музыка ырғағына сәйкес жай жүру. Бір-бірінің соңынан музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес жеңіл жүгіру; "Құстар ұшты" - қолдарын шетке еркін созып, "қанат қағып" "көбелектер ұшып келді" "көбелектер гүлге қонды" (тоқтап, еденге сәл отыра, орындыққа отыру), қолды жоғары-төмен түсіре, бір-бірінің соңынан, музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес қатарды бұзбай жүгіру; бытырап жүгіру.
Жаз мезгі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>