Жыл мезгілдері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мерзімі : 3. 02. 15 3 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Жыл мезгілдері
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
oo Жыл мезгілдері, ай атауларының қазақша аттарын сипаттайтын жаңа сөздер, сөз тіркестерімен таныстыру.
oo Жатыс септік жалғауларын меңгерту арқылы білімдерін толықтырып, мезгілді сипаттай білуге үйрету.
oo Өзіндік ой-пікірін, көзқарасын білдіруге жағдай жасау, тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту.
САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ
САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, жұптық, топтық жұмыс.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: слайд, аудио-бейне материалдар, үлестірмелі карточкалар, суреттер.
САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР:
oo Оқытудың ақпараттық технологиясы,
oo Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
oo Ойын технологиясының элементтері
Күтілетін нәтиже:
oo Жыл мезгілдерінің атауларын, төрт жыл мезгіліндегі ай атауларын біледі, жыл мезгіліндегі ауа райын сипаттай алады
oo Грамматикалық құрылымдарды пайдалана отыра , жазылым,тілдесім әрекеттерін жүзеге асыра алады.
САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Үй тапсырмасын тексеру
Ерте,ерте, ертеде атақты Жыл атты ақсақал болыпты. Оның Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты


Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.

-- Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? - деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.
-- Мен дайынмын!-дейді қызу қанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.
-- Мен де, - депті Көктем сұлу қасын керіп.
-- Мен де, - депті көңілшек Күз аузын бұртитып.
-- Мен де, - депті жадыраған Жаз.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: