қолданамыз.
ArcGIS - толық функционалды, масштабталған жүйе, оны ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымы қолданады. ArcGIS бір-бірімен байланысты негізгі үш қосымшалардың жиыны. Олар: ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді.
ArcMap қосымшасы карта жасау үшін және мәліметтерді редакторлау үшін қажет. Сондай-ақ, ол картографиялық талдау жасауда қолданылады. Картамен жұмыс жасау үшін біз ArcMap-ты қолданамыз. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық сызығы, солтүстік бағыт және басқа элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка болады. Әдетте, ArcMap стандартты құралдар мен карта элементтерін ұсынады. Бірақ оны қолданушы өз қалауынша толықтыра алады.
ArcMap-та картада 2 негізде жұмыс жасалады:
1) Географиялық мәліметтер негізінде - географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалады.
2) Компоновка негізінде - карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі. 2
ArcMap документі объекттердің орналасуын көрсетуге мүмкіндік береді. Картада оның мағынасы мен мақсатын түсіндіретін қосымша ақпарат болуады. Картаның документін ашқан кезде, ArcMap мәліметтер көздерімен байланысты тексереді. ArcMap кейбір мәліметтерді таппаған жағдайда, ArcMap пайдаланушыдан мәліметтің орналасқан жерін сұрайды. Егер ол мәліметтер жойылған немесе керек болмаған жағдайда, оған көңіл аудармауға болады.
ArcCatalog қосымшасы геомәліметтер баз
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>