Жүрек жылуы анамен
Мақсаты: "Сүйіспеншілік", "мейірімділік", "адамгершілік" құндылықтары туралы түсініктерін кейту. Анаға қамқорлық жасауға жетелеу. Мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: сынып бөлмесін безендіру, құттықтау ашық хаты, шарлар, гүлдер.
Ертеңгілікті өткізу барысы:
Құрметті әжелер, аналар, апалар бүгінгі мейрамымызды Жазира Әділжан - қызының 1-2 шумақ өлеңімен бастаймыз.
Жан-жағына нұр шашып, арайлап жарқын таң атса,
Жер бетіне жайқалып, көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан, алдымнан жақын жан шықса,
Құшағын маған кең ашса, жүрегім жыли бастайды
Табиғатта барлық жылу күннен келсе, өмірдегі барлық жылу адамнан келеді. Ендеше, өмірдегі барлық жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық өзімізге байланысты. Балардың от басы, туған-туысы, жақсы көретін адамдары қаншама жылулық береді. Бірақ, ананың аялы алақаны мен жүрек жылуынан артық ештеңе жоқ.
Құрметті аналар мерекелеріңіз құтты болсын, әр үйде шаттық, балаларыңыз қуаныш әкелсін.
Бүлдіршіндердің орындауында хор: ән "Апатайым анашым" қабыл алыңыздар!
Ананың әр балаға деген махабаты, сүйіспеншілігі бар. Ана балаға өз мейірімін, жылы сезімін білдірсе, олардың жүректері мейірімге, қамқорлыққа, махабатқа, жылы сезімге толы келеді.
МАД тобының ұлдары аналарға деген сезімін мына өлең жолдары арқылы білдіреді. Өлең - "Ақ мамам" қабыл алыңыздар.
Бекасыл: Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін балаңның
Аман-сау бол ақ мамам.
Анель: Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ анадан
Медет: Өзің маған мият күн
Сен таңым жиі атты
Ақ мамамның айқайы
"Айналайын"сияқты
Ж
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>