көрініс,
- Бір күні гүлден тұрған бау - бақшаның қасынан ұшып бара жатқан жел бір жағымды жұпар иісті сезеді, Бақшадан аңқып тұрған бұл қандай жұпар иіс?- деген оймен гүлдеп тұрған ағаштың біріне жақындайды, Ағаштың бұтақтарында жайқалып тұрған нәзік гүлдерге таңырқай қарайды, "Неткен ғажап, әдемі еді!"- деп таңданады, Біраз уақыт өткен соң ол тағы сол бақтың қасынан ұшып бара жатып, гүлдерді тамашаламақ болып тоқтатады, Бірақ жұпар иісті нәзік гүлдердің орнына хош иісті алмалардың өсіп тұрғанын көреді, Ол тағы да таңырқап "Айнала қалай өзгерген, мынау бір ғажап екен!"- дейді,
Тәрбиеші балаларға қандай жеміс ағаштарын және қандай жемісті ұнататындарын сұрап, жұмбақ жасырады,
Көптілділік : күз - осень - autumn көкөністер - овощи - vegetables, жемістер - фрукты - fruit
Жұмбақтар:
1, Көктемде ақ гүл оранады,
Күзде қолға доп оралады
(алма)
2, Ортасында қызығы,
Бұтағының асығы
(алма)
3, Тіл үйірген дәмі бар
Сары алтын түс сәні бар
Жақсаң егер кептіріп
Сүйегінің дәмі бар
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тілін ал,
(өрік)
Тәрбиеші балаларға Ә, Қастеевтің "Алма ағаштар гүлдеді" шығармасын және "Жазғы бақта" атты суретті көрсетіп, алма ағаштың гүлденгенін, одан жеміс алып бергенін, алманың көлемін түсін, пішіні туралы әңгіме өткізеді.
Жеке жұмыс: Бағлан күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
"Бақ" тақпақ оқып береді,
Бақ ішінде алмалар,
Бар жемісі бағалы
Көрген адам таңданар,
Көздің жауын алады
Тәрбиеші балаларға алма ағаштарының гүлденгенін, жеміс беріп тұрған бейнесін жасайтындарын айтып, үлгі бойынша жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіреді,
Саусақ жаттығуы: саусақ арқылы күннің бейнесін ауада дөңгелетіп келтіру, о
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>