Жомарт күз
Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп,орындықтарға жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,ұстаздар,балалар!Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Берекелі күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар халайық!
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық!
Тәрбиеші: -Қараңдаршы,бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен
-қолымызға не үстап келдік?
-Жапырақтар
-Осы жапырақтардың түсі қандай?
-Сары
сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы
-Балалар,тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы:-Сәлеметсіздер ме ,балалар!
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:-Уа,халайық,дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсан тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр
Алмақ болып бар халқымның алғысын
-Мен Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме ұуаныштымын
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырайын
Ағайынды бәрі,
Шықса –жасыл
Түссе-сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы:- Дұрыс таптыңдар,жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар
Тәрбиеші: -Әріне,қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең,тақпақ,жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып,балалардың өнерін тамашалаңыз
Тәрбиеші:-Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы-сұрақтар
1-сұрақ:-Күз мезгілі нешеге бөлінеді?(Ерте күз,алтын күз,қара күз)
2-сұрақ:-Күз айларын ата (Қыркүйек,қазан,қараша)
Тәрбиеші:-Ендеше ор
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>