жол ережесі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

і. Мысық мияулап көше жаққа көрсеткендей болады. Мысық: Анау жерде достарым тұр. Футбол тептік,білместікпен дәл көшеге жиылып. Ескертсе де жол тәртібін бұзба-деп,Жүргізуші сақ кісі екен. Әйтпесе қалар едік қырылып. Қақпашы екі әтеш,бірі қолын сындырды,Жүйрікпін деп қасқа құлан машинамен жарысты. Салақтықпен қарап тағы бір құлағын жұлдырды. Осы кезде әр түстан екі әтеш,ақ лақ,қасқа құлан шулап әрең-әрең аяқтарын басып Айболит атайдан көмек сұрайды. Оларға Айболит атай көмек жәрдем көрсетеді.



Айболит атай: Балалар көрдіңіздер ме,жолда ойнағанның кесірін. Жол ережелерін бұзғандықтан осындай халге душар болады. Инспектор мырза мына жол тәртібін бұзғандарды сынақтан өткізуді өзіңізге тапсырамын. (Залдан Инспектор хайуанатарды ертіп шығып кетеді)
Бағдаршам атребутын киген бала: Тұрамын көшеніің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мүдіріп,ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады, Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. 1. бала : Бағдаршам бәріңе, Бағыт сілтеп тұрады. Мінеді ол кәріне, Жанса қызыл шырағы. 2. бала: Сары көздің жанғаны. Жүргізушіге керегі. Қозғалуға қамдан да. Дайын тұрғын дегені. 3. бала: Жасыл көзі жанғаны, Ең керегі төменгі. Еш нәрсеге алданбай, Тура жүргін дегені. 4. бала: Қыбырлатпай бір адым, Көліктерді топтайды. Жарты минут көп ағын, Тыныстайды тоқайды. (Белгілерді көрсетеді) Тәрбиешіі балаларға адамдар жолдан өту үшін арнайы жол барын,көше қиылысында жер асты өткел,сондай-ақ қай жерден өту керектігін бағытап тұратын ақ жолақ белгі барын да көрсетіп түсіндліреді. Ұшқалақ бала-ұрыншақ, Ойлылық соны ұғынсақ. Машина алдын кеспесек, Майып боп уайым шекпесек. Осы тақпақтаан соң балаларға жолда жүру ережесі туралы слайд көрсетіледі.
Еересектер тобына арналған. орындаған әдіскер Мусабаева Кульзайраш Жуматаевна




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: