рын тыңдап, өз сұрағыңа жауап аласың! Қане, балалар, мен де сендерді біраз сынап көрейін:
Тазша бала бағдаршам дегеніміз не?
-Міне балалар "бағдаршамның" өзі де келіп қалыпты. Қане, біз бағдаршам жайлы өзінен сұрап білейікші.
Бағдаршам:
Менің үш көзім бар:
Бір көзім кідір дейді,
Бір көзім жүгір дейді.
Бір көзім абайла дейді,
Қарап ал маңайға дейді.
Жол белгілері неше топқа бөлінеді? (ескертуші белгілер, тыйым салушы белгілер, сілтеуші белгілер, рұқсат беруші белгілер)
Қоғамдық көлік ережелерін білесіңдер ме? (көліктің терезесінен сыртқа басын шығаруға болмайды, қолын созбау керек; қоғамдық көлікке артқы есіктен еніп, алдыңғы есіктен шығу қажет; жолаушылар көлік жүрісін толық тежегенде ғана көлікке мініп немесе түсуге болады; көлік ішіндегі ережелерді бұзбау керек; жасы үлкен адамдар мен кішкентай бөпелі адамдарға орын беру керек; көлік ішінде айқайлап сөйлесуге, қатты күлуге болмайды, т. б. )
Тазша бала: Жарайды, жарайды, сендер өте білгіш балалар екенсіңдер, жол ережесін тыңдап, сендерден үйреніп алайын, келесі жолы жолды өткенде есімде болсын!
Жүргізуші: Ендеше, балалар, біз оған үйретейік. Келістік пе, балалар?
Жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол - ортақ!
Жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Ойынымыз басталсын сәлемменен.
Жүргізуші: Жол тәртібі кімге керек - бірге ойланып көрелік,
Жүргізуші: Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да ерлік.
Ата - ана қынжылмасын,
Түсіріп ұнжырғасын.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>