Жәндіктердің ғажайып әлемі

Страницы: 1 | 2  >  >>

Білім беру саласы: "Әлеумет"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері
Тақырыбы: "Жәндіктердің ғажайып әлемі"
Мақсаты: Балаларды жәндіктермен және олармен өзін-өзі ұстау тәртіп ережесімен таныстыру. Жер бетіндегі жәндіктер не үшін қажет екенін түсіндіру. Жәндіктер әлеміне және оларға деген ұқыпты қатынасын дамыту.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Іс - әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдепті де, тәртіпті боп,
Табиғатты қорғайық.
Шаттық шеңберін құрады.
Қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Амандасады.
Ұйымдастыру-іздестіру
- Үстелдің үстіндегі суреттердің ішінен араны, көбелекті, құмырсқаны, масаны тауып алайықшы.
- Біздің жаңа достарымыздың аттары қандай еді?
- Оларды бір сөзбен қалай айтуға болады?
Тәрбиеші:
- Жәндіктердің де үйі бар. Олар да қоректенеді. Дем алады, көбейеді. Оларға қамқор болып, аялау керек. Енді осы жәндіктерге жеке-жеке тоқталып өтейік.
Дидактикалық ойын : "Араларға қонаққа барамыз" Араларға қонаққа барасыңдар ма?
Қонақта өзімізді қалай ұстау керек?
- Біз орманға саяхатқа шықтық?
- Бұталардың арасынан жүрдік.
- Ағаштар да көп екен.
- Тастарды да бастық. Біз сүрінбей келеміз. Аралар - жәндіктер туралы әңгімелеу. Балаларға ойыншық араны көрсету.
- Араның қанаттары, аяқтары басы, денесі, іші бар. Аралар тірі жәндік, олар балды жақсы көреді.
"Көбелек" туралы әңгіме:
Көбелектің басы, денесі, аяқтары, қанаттары бар. Басында көк ауызы бар, көбелектер гүлдердің нәрімен қоректенеді.
Сергіту сәті.
"Құмырсқа" туралы әңгімелеу.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: