Күні: 28. 01. 2016
Сыныбы: 7 "а"
Пәні: ӘТБ.
Тақырыбы: Жұмсақ жиһаз және оның күтімі.
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды жұмсақ жиһаздың түрлерімен таныстырып, оның қызметтерімен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, ойлауын және зейіндерін дамыту.
Тәрбиелік: сабақ барысында тұлғаның жағымды қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілік: Жұмсақ жиһаздың суреттері, шүберек, губка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың түзу отыруы, сабаққа назар аударту. Оқу құралдарын дайындау.
Психологиялық дайындық:
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Үй жұмысын тексеру.
Өтілген материалдарға шолу.
Балалар сендер ненің үстінде отырысыңдар?
Ненің үстінде жазып отырсыңдар?
Киімдеріңді қайда жинайсыңдар?
Енді осының бәрін жалпы қалай атаймыз?
Жарайсыңдар! Жиһаз
Маған жұмбақ шешуге көмектесіңдер!
1. Басы жоқ, төрт аяқты, жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне бір ат,
Жүк артсаң, әсте белі майыспай
Құйрық жалсыз бұл өзі не қылған зат? (үстел)
2. Бір нәрсе төрт аяқты, екі басты,
Көтеріп адамзатты көңіл ашты,
Бір адым жерге өзі бара алмайды,
Аяғы болса дағы қозғалмасты. (кереует)
3. Кіруге адам батпайды, затыңды аман сақтайды. (сандық)
4. Төрт аяқты, болса да жұре алмайды,
Өздігінен еш нәрсе біле алмайды.
Жайылған дүниеге бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды. (орындық)
Жиһаз бізге не үшін қажет?
Жаңа сабақ: Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Дейгейлік тапсырмалар.
Сөздік жұмыс: жиһаз.
Бүгін сен
Страницы: 1 | 2 > >>