21. 12. 2017 ж Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:"Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау"
"Сендердің білімдерің - ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім алуга неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар"
Н. Ә. Назарбаев
Мақсаты:
1. Маңғыстау облысының тарихы туралы окушалардың білімін жинактап , одан әрі танымалдылығын арттыру.
2. Оқұшылардың ойлау , сөйлеу дағдысын дамыту , өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу
3. Туған халқына , жеріне, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Оқытушы Ақмамбетова Дина Байқуанқызының кіріс сөзі:
Қасиетті жеріміздің бүгінгі ұрпақтарының білімін , зейінділігін таразылар "Жұмбақ жайлап,аңыз өрген Маңғыстау" тақырыбында өткелі отырған зияткерлік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1 - жүргізуші-Қарлығаш: Армысыздар, құрметті ұстаздер мен оқушылар! Бүгінгі өткізгелі отырған "Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау" атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2 - жүргізуші-Феруза: "Маңғыстау. . . Мәңгі қыстау деген сөзден шықты ма екен? Әлде. . . мың қыстау деген ұғымды білдіре ме?. . Малға қатысты айтылған ба, қалай? Мынау шетсіз де, шексіз даланың малсыз сәні келмесі анық. Әлде, маңғаз тау ма екен?. . " Ой бесігі баяу тербеледі. . .
1 - жүргізуші-Қарлығаш: Ақ қала Маңғыстаудың ақ тасынан,
Көк теңіз көбік шашқан тап қасынан.
Арманға аттанады ақ кемелер
Қазақтың жалғыз теңіз қақпасынан.
2 - жүргізуші-Феруза:Ендігі кезекті студенттердің орындауындағы Маңғыстау тарихы туралы өлең-шумақтарға береміз.
1 студент - Гүлшат
Маңғыстауым - маң
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>