Сабақтың тақырыбы: "Жұлдызды сәт" ойыны.
Мақсаты:Оқушыларға Отанымыздың тәуелсіздік алғанына байланысты сұрақтар қоя отырып,еліміз жайлы жалпы мағлұмат беру,ойлау қабілеттерін арттыту.
Халықтық педагогикамен сабақтастыра отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Өз пікірін айтуға, талдау қорытынды жасауға үйрету.
Жас ұрпақты Елімізді құрмет тұтуға,оған мәңгі қызмет етуге,қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:плакаттар, шарлар, сиқырлы қорапшалар, кубиктер, жұлдызшалар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн! Қош келіпсіздер құрметті ұстаздар мен жас ұландар.
Бүгін төртінші сыныптар арасында өткізгелі отырған "Жұлдызды сәт" ойынын тамашалауға қош келдіңіздер!
"Жұлдызды сәт" мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына байланысты өтеді. 1990 жылы 25 қазанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады. Бұл конституциялық емес саяси акт болды. 1991 жылы 10 желтоқсанда Республиканың аты Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. 1991 жылы 16 желтоқсан Еліміз дербес мемлекет болып тәуелсіздік алған күнін жариялады. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы алғашқы батыл қадам еді. Өзінің ата-заңын қабылдап,мемлекеттік рәміздеріміз шықты.
Қазақстанның жері кең байтақ,дархан дала. Біздің жерімізден шыққан өнімдер экспортқа шығып,бүгінгі таңда бізді бүкіл әлем біледі.
Қазақстан-дербес,жеке, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның екінші мыңжылдығының азаматтары сендерсіңдер,балалар. Тәуелсіз еліміздің тірегі-білімді ұрпақ дейді. Бұл ойын жас ұландар үшін өз
Білімдері мен тапқырлықтарымен алмасу сәті десе де болады.
Ойынға төрт сынып оқушылары қатысады. Қане барлығымыз қол соғып,қошеметтеп,ой жүйріктерін ортаға шақырайы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>