"Жұлдызды сәт"
(интеллектуалдықойыны)
Сабақтың мақсаты: Елордамыз Астана туралы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру арқылы Республикамыздың жаңа астанасы туралы толық мәлімет беру.
Білімділігі: Астана қаласы - еліміздің жаңа астанасы. Оның Есіл өзенінің оң жағынды орналасуы. Еліміздің орта тұсында болуының маңызы.
Дамытушылығы: Астана - бас қала, жас қала, арман қалаға деген сүйіспеншіліктерін туғызу. Эстетикалық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі, интербелсенді тақта .
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойыны
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.
Қатысушылар: 7 сынып оқушылары.
Сабақтың барысы: а) Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. ә) Ойынға қатысушы оқушылармен таныстыру. б) Әділ қазылар тобымен таныстыру. в) Ойын шартымен таныстыру. (Әрбір турдағы сұрақтар 5,10,15 ұпаймен бағаланады)
1-жүргізуші: Армысыздар,қадірменді ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі біздің 7 сыныптар арасындағы өткелі отырған "Жұлдызды сәт"атты интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Біздің интеллектуалдық ойынымыз Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана күніне арналады
Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам - мәңгі жарық аспанымның
Астанам - пейіш қала, ел арманы,
Астанам - қайда жүрсем мақтанышым - дей келе баршаңызды алда келе жатқан біз үшін аса қасиетті, қымбатты мереке Астананың 20 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттыққтаймыз!
1-жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>