мды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Жағымды кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаймыз? Келесі тапсырмада топ басшылары мына суреттердегі ертегі кейіпкерлері болып өзін-өзі қорғайды. .
"Мақта қыз бен мысық "
Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,
Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың.
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығынды жұлып ап жазаладым.
Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан.
Қатығынды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.
Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?
Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Су астынан шыға кеп,
Алақаныннан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін
Ертегілер ауылын.
Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?
Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,
Балаларға, батырларға жаумын.
Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,
Тек жамандық жолында шапқыладым.
Талай жерде ақылмен алдап кетті,
Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.
(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).
Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,
Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып дәуді алдадым ақыры мен,
Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,
Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.
"Қырық өтірік" ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер солай ма балалар?
Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай
Тазша бала: Мен
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>